Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында медальға қол жеткізді

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында медальға қол жеткізді

Қазақстандық спортшы Кирилл Курдиди Малайзияда өтіп жатқан 2025 жылғы Азия чемпионатында қола медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Спортшы додада 1000 метрлік арақашықтықты 1 минут 0,666 секундта еңсерген. Осылайша бұл нәтижемен ол үшінші орын алып, қола алды. Бірінші орынды жапониялық спортшы Рюто Итида (1:00,057) алса, екінші орынға Қытай елінен келген Ци Лю (1:00,164) табан тіреді.

Азия чемпионатында бұл қазақстандықтардың екінші медалі. Малайзиядағы турнир 27 ақпанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или