«Astana Pro Team» командасының бюджеті 15-18 млн еуро көлемінде

Елордада «Astana Pro Team» велокомандасының 2016 жылғы маусымына ресми тұсаукесері өтті.

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев «Рио-де-Жанейро Олимпиадасында медаль алу - келер жылғы басты мақсат» екендігін атап өтіп, еліміздегі велоспорттың болашағы жайлы айтып берді. ҚВФ президентінің айтуынша, әлемдегі дағдарыс велоспортты да айналып өткен жоқ. Алдағы маусымға «Astana Pro Team» командасының бюджеті 15-18 миллион еуро көлемінде болатынын айта кетті.

Сонымен қатар, БАӘ елінің мемлекеттік компанияларымен демеушілік туралы келіссөздер барысында араб меценаттары «Astana Pro Team» командасының атын өзгертуді қлайтынын жеткізді. Ал елордалық клуб, керісінше, қазіргі атын сақтап қалғысы келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или