ESL-мен келісімшарт жасасқан клубтар жылына екі турнирден бас тарта алады

ESL-мен келісімшарт жасасқан ұйымдар жылына екі турнирден бас тарту құқығына ие болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екі жыл ішінде үш жарыстан артық өткізіп жіберуге болмайды. Сонымен қатар, клубтар жабық іріктеу кезеңіне шақыртудан бас тартуға құқылы.
Сондай-ақ, ESL алдағы турнирлердің жүлде қорларын жариялады. 2025 жылы компания турнирлеріне қатысушыларға 11 миллион доллардан астам қаражат бөлсе, келісімшарт жасасқан командаларға қосымша 2,95 миллион доллар бөледі.
ESL сериясындағы келесі турнир – ESL Pro League Season 21, ол 25 ақпан мен 16 наурыз аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или