Этникалық қазақ қызы мұзға өрмелеуден жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Моңғолиядағы қазақ қызы мұзға өрмелеуден жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz
Оурэй қаласында (Колорадо, АҚШ) өткен мұзға өрмелеуден жастар арасындағы әлем чемпионатында моңғолиялық қазақ қызы Әмина Жанбота алтын медаль жеңіп алды. Ол 18 жасқа дейінгі санатта бағын сынаған болатын.
Әминаның уақыт көрсеткіші – 16.80 секунд. Екінші орын алған испан қызы Майте Вила бұл шыңды 22.84 секундта бағындырса, америкалық Зое Чиппер 39.84 нәтижесімен үшінші орынға ие болды.
«Биыл Моңғолия чемпионы атандым. Сол маған үлкен мотивация болып, әлем чемпионатында жоғары нәтижеге жетуге талпынысым күшейе түсті. Осы жеңіс мені алға қарай жетелейді. Сәтін салса әлі талай жерістіктерге жетемін деген ниеттемін», - деді қазақ қызы жарыстан кейін.