Футзалдан ӘЧ-2016 плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар белгілі

Футзалдан 2016 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аяқталды. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды.

Қорытынды тізімге бесінші топта бірінші орын алған Қазақстан құрамасы да енді.

Плей-офф кезеңнің жеребе тарту рәсімі келер жылдың ақпан айында өтеді. Топта бірінші орын алған командалар басқа топта екінші орын алған ұжымдардың бірімен әлем чемпионатына жеті жолдама үшін күш сынасады.

Плей-офф кезеңіне шыққан командалар:

- топтың жеңімпаздары – Әзірбайжан, Ресей, Испания, Қазақстан, Португалия, Италия, Украина.

- топта екінші орын алған командалар – Венгрия, Беларусь, Сербия, Нидерланды, Словения, Польша, Словакия.

Әлем чемпионатына плей-офф матчтары келер жылдың наурыз бен сәуір айында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или