Ресми: Дастан Сатпаев мансабын «Челсиде» жалғастырады
![Ресми: Дастан Сатпаев мансабын «Челсиде» жалғастырады](https://prosports.kz/storage/images/6cab1f273ae56c7d5f8040c84f74ebae_mTDsdrpuc0XjR9RpwlStZxVsAr2hx4JyI5Hs6Z4y.png.webp)
Ресми: Дастан Сатпаев мансабын «Челсиде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді.
2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін Сатпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.
Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында «Қайрат» Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.
Оның жетістіктері:
- QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас
- QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы
- Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан
- УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол, 1 нәтижелі пас
2024 жылғы мамырда 15 жасында Сатпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или