Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz
Пхитсанулок (Таиланд) қаласында тас жолдағы велоспорттан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды.
Байрақты бәсекенің алғашқы күні командалық эстафетада сынға түскен Қазақстан құрамасы 1-орынға ие болды. Күміс жапониялықтарға бұйырса, қолаға Гонконг командасы қол жеткізді.
Команда сапында Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова, Анжела Соловьева өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или