«Реал» сапында бес рет Чемпиондар лигасын жеңген ойыншы мансабын аяқтады

Мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Марсело кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
36 жастағы Марсело футболдағы жолын «Флуминенсе» клубында бастаған. 2007 жылы қорғаушы мадридтік «Реал» сапына қосылып, 25 трофей жеңіп алды.
Оның жетістіктері қатарында:
- 5 рет Чемпиондар лигасын жеңді
- 6 рет Испания чемпионатының жеңімпазы атанды
- 2 рет Испания кубогын иеленді
2022 жылдың жазында ол Грекияның «Олимпиакос» клубына ауысты, бірақ 2023 жылдың ақпанында келісімшартын бұзды. Сол уақыттан бастап 2024 жылдың қарашасына дейін Марсело өзінің туған клубы «Флуминенсе» сапында ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или