Бес қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингісінде ТОП-100-ге кірді

Бес қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингісінде ТОП-100-ге кірді

Tennis Europe (TE) ұйымы 14 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық бес жас ойыншы ТОП-100-ге кірді.

Ахмади Мақанов 13-орында қалса, Хақназар Жеткербай 30-дан 28-ге көтерілді. Олардың екеуі де – Ақтөбе теннис мектебінің түлектері. 

Сондай-ақ Әмір Асқар жақсы көрсеткішімен көзге түсіп, 74-тен бірден 56-сатыға шықты. Қыздар арасында Тәмина Сәкен 83-інші, Әмина Нұрмахан 87-орыннан көрінді. Бұлардың үшеуі де Алматы қаласында теннис әліппесін үйренген. 

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или