Дания - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Бүгін футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Даниямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу сырт алаңда өтіп, Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Оны Qazsport тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция телеарнаның сайтында да қолжетімді болады.
Айта кетейік, біздің құрама бірінші ойында Албанияны сырт алаңда 2:0 есебімен жеңсе, екінші ойында өз алаңында Армениямен 4:4 есебімен тең түскен болатын.
Топтағы екі турдан кейін 4 ұпай жинаған Қазақстан өз тобында көш бастап тұр, Армения – 4, Албания – 3 және Дания – 0.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или