Australian Open: Рыбакинаны ұтқан америкалық теннисші жеңімпаз атанды
Әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Мэдисон Киз Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.
Америкалық теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бетпе-бет келді.
Белоруссиялық спортшы осыған дейін екі жыл қатарынан үздік шыққан еді.
Бұл жолы М.Кис тосқауыл қойып, 6:3, 2:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, 29 жастағы Мэдисон Киз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде чемпион болды.
М.Киз осы жарыста төртінші айналымда қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны 6:3, 1:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын.
Осы табысы арқасында америкалық спортшы WTA Live рейтингісінде 7-орынға, ал Е.Рыбакина 7-ден 5-сатыға көтеріліп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или