Қазақстандық теннисші Португалиядағы «Челленджердің» жартылай финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші Португалиядағы «Челленджердің» жартылай финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Оэйраш (Португалия) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жукаев ширек финалдық матчта эстониялық Марк Лаялмен кездесіп, 7:5, 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Лаял жартылай финалға өтіп, бельгиялық Александр Блоксқа қарсы ойнайды. Ал Бейбіт Жұқаев турнирдегі өнерін аяқтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бейбіт Жұқаев нидерландтық теннисші Мик Велдхерді 7:6, 6:3, германиялық Кристоф Негритуді 7:6, 6:4, португалиялық Гаштау Элиашты 6:3, 6:2 және қазақстандық Дмитрий Попконы 6:3, 7:6 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или