Қазақстандық шабуылшы Испаниядан жаңа клуб іздестіріп жатыр

Қазақстандық шабуылшы Испаниядан жаңа клуб іздестіріп жатыр


Қазақстандық шабуылшы, испандық «Менсахеро» командасының ойыншысы Данил Анкудинов жаңа клубқа ауысуы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz

«Испания чемпионатының үшінші деңгейіне (Сегунда RFEF) өту мүмкіндігім бар. Бірақ қазіргі клубым мен үшін жоғары сома сұрап отыр, ал келіссөздер тоқтап тұр. Үшінші лигадағы клубтар төлем жасауға дайын, бірақ аз сомаға. Оның үстіне, менің келісімшартымның аяқталуына төрт ай ғана қалды, сондықтан әзірше жаңалық жоқ», — деді Анкудинов Legalbet.kz порталына берген сұхбатында.

Данил Анкудинов 2024 жылдың тамызында Беларусьтің «Днепр» командасынан еркін агент ретінде «Менсахеро» сапына ауысқан болатын.

Ол Испанияның Терсера Дивизионы RFEF-де (испан футболының бесінші деңгейі) өнер көрсетіп, 15 матчта үш гол соқты.

Transfermarkt мәліметі бойынша, футболшының құны 100 мың еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или