Роналдудың қос голы командасына жеңіс әкелді
Сауд Арабиясы біріншілігінің 16-шы турында Әл-Халидж пен Әл-Наср кездескен ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Ханзада Мұхаммед бен Фахд стадионында өтті. Кездесу 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
«Әл-Насрдың» шабуылшысы Криштиану Роналду 65-минутта гол соғып, есеп ашты. 80-минутта «Аль-Халейдж» шабуылшысы Костас Фортунис таразы басын теңестірді. Бір минуттан кейін қорғаушы Сұлтан Әл-Ганнам Әл-Насрды алға шығарды. 90+8-минутта Роналду дубль жасады.
Роналдудың бұл матчта мансабындағы 918-ші және 919-шы голдарын соқты. Шабуылшы клуб деңгейінде 784, Португалия құрамасында 135 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или