Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-ға іріктеу кезеңін бастайды

Бүін Чехияның Хомутов қаласында 2016 жылғы Әлем чемпионатыныік іріктеу кезеңіндегі 5-топтың ойындары басталады.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 10 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Колумбияда өтеді. Қазақстан құрамасымен бір топқа Чехия, Франция және Словения құрамалары түсті. Бұл төрттіктік үшеуі Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады. Сербияда өтетін Еуропа чемпионатына тек Франция құрамасы жолдама ала алмады.

Бас бапкер Какаудың шәкірттері Чехияға 6 желтоқсан күні келді. Турнир алдында Чехия чемпионатының көшбасшысы «Бенаго» клубымен жолдастық матч өткізді. Ойын 6:1 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Біздің құрамадан Дінмұхамед Сүлейменов, Дуглас, Николай Пенгрин, Игита, Павел Таку және Александр Гребонос гол соқты.

Әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Григорий Шамро («Інжу»), Игита («Қайрат»).

Алаңдағы ойыншылар: Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Михаил Першин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Дуглас, Лео (барлығы – «Қайрат»), Александр Довгань, Павел Таку, Николай Пенгрин, Александр Гребонос (барлығы – «Астана-Тұлпар»), Константин Чеботарев («Аят»).

Қазақстан құрамасының күнтізбесі:

10.12.2015 21:30 Чехия – Қазақстан

11.12.2015 21:30 Қазақстан – Словения

13.12.2015 18:30 Франция – Қазақстан

Қазақстан құрамасының барлық ойынын «ОҢ ТВ» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или