16 жастағы жас талант «Челсиге» ауысады
Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев мансабын «Челсиде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Лондондық «Челси» Дастан Сәтбаевқа қатысты түпкілікті шешім қабылдады. Алматы мен Лондон клубтары арасында трансфер жайлы келісті.
Ауысым келесі аптада болады деп күтілуде.
Еске салайық, 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев желтоқсан айында Лондонның «Челсиіне» сынақтан өтуге аттанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или