Сульшер «Бешикташ» тізгінін ұстайды
«Бешикташ» Оле Гуннар Сульшердің бас бапкер болып тағайындалуына қатысты келіссөздерді аяқтап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ақпаратты инсайдер Фабрицио Романо жариялады. Стамбул клубы норвегиялық маманға 1,5 жылға келісімшарт ұсынады.
Сулшер 2021 жылы Манчестер Юнайтед менеджері қызметінен босатылғаннан бері жұмыссыз қалды. Ол бұған дейін Молде және Кардифф Сити командаларында жұмыс істеген.
Түркия Суперлигасының 18 турының қорытындысы бойынша «Бешикташ» турнирлік кестеде 6-орында тұр. Команданы қазір Сердар Топрактепе баптайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или