Хоккей. Қазақстан қыздар құрамасының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылары анықталды
20-26 қаңтар аралығында Ригада (Латвия) шайбалы хоккейден қыздар арасында әлем чемпионаты екінші дивизионының А тобында өтеді.
Қазақстандық хоккейшілер Тайбэй, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Нидерланд және Латвия құрамаларына қарсы матч өткізеді.
Бапкерлер штабы жарысқа баратын құрамды анықтады. Аталмыш жарысқа 20 спортшы қатысады. Оның ішінде 2 қақпашы және 18 алаңдағы ойыншы бар.
Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Арина Павловская («Айсулу Тандаулы»).
Қорғаушылар: Зере Жұмаш, Амина Маратханқызы (екеуі де - «Жұлдыз», Алматы), Медина Кишекеева, Вероника Халикова (екеуі де - «Айсулу Тандаулы»), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы (екеуі де - «Торпедо», Өскемен), Калима Нығматулина («Юность-Грация», Қарағанды).
Шабуылшылар: Эвелина Емцева, Василиса Шуклина (екеуі де - «Айсулу Тандаулы»), Алина Жакулина, Анна Климова, Рената Лившиц, София Муравьева (бәрі - «Юность-Грация»), София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Златоцвета Феоктистова (бәрі - «Торпедо», Өскемен), София Раковская («Айсулу», Алматы).