«Реал Мадрид» — «Барселона»: Суперкубок финалы. 13.01.2025. Статистика, болжам
Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 12-інен 13-іне қараған түні футбол әлемі «эл-класиконың» куәсі болады. Испания Суперкубогының финалында «Реал» мен «Барселона» кездеседі.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Осы жарыстың алғашқы жартылай финалдық ойынында «Барселона» Бильбаоның «Атлетик» командасын 2:0 есебімен ұтты. Голдарды «блаугрананың» жартылай қорғаушысы Гави мен вингер Ламин Ямаль соқты.
Испания Суперкубогының екінші жартылай финалдық ойынында «Реал Мадрид» «Мальоркамен» кездесіп, жартылай қорғаушы Джуд Беллингемнің, вингер Родригоның және «Мальорканың» қорғаушысы Мартин Валиенттің автоголының арқасында 3:0 есебімен жеңді.
Қос команда осы маусымда бір рет кездескен. Ла Лиганың 11-турында «Барса» Анчелотти шәкірттерін «Сантьяго Бернабеу» стадионында 4:0 есебімен жермен-жексен етті. Әрине, финалдық матчта «Реал» жігіттері кек қайтару үшін барын салатыны анық.
Сол кезеңмен салыстырған командалар екі түрлі түрленді. Бәрін жайпап жүрген «Барселона» «Леганес», «Лас-Пальмастан» ұтылатын, «Бетис», «Сельтамен» ұпай бөлісетін дәрежеге түсіп кетті. Онымен қоса, «Атлетико», «Реал Сосьедадқа» есе жіберді . Хансе Фликтің шәкірттері Ла Лига кестесінде үшінші орынға сырғыды.
Испания чемпиондары «эл-класикодағы» масқарадан кейін ес жиып, көш түзеп алды. Мысалы, сол ойыннан кейін чемпионатта «Барса» мен «Реал» сегіз ойын өткізді. Сол сегіздің алтауында мадридтіктер қарсыластарын жеңіпті. Ал, «Барса» керісінше сегіздің алтауында ұпай жоғалтыпты.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы ойынға мынадай коэффициенттер ұсынады: «Реалдың» жеңісі – 2.43, «Барcаның» жеңісі – 2.72. Ал кездесудің негізгі уақыты тең нәтижемен аяқталады дегенге – 3.72 коэффициент беріп отыр.
Екі команда арасындағы матчтар нәтижелі аяқталып жүр. Командалар арасындағы соңғы сегіз матчтың барлығында кемі үш гол соғылған. Tennisi.kz бұл ойында гол саны 2,5-нан көп деген нәтижеге 1.48 коэффициент ұсынған.
Қоса кетейік, матч Қазақстан сағатымен 13 қаңтар күні 00:00-ге жоспарланған. Ойын Сауд Арабиясындағы King Abdullah Sports City стадионында өтеді.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.