Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің жұптық сынында финалға шықты
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова ресейлік Мария Головинамен жұптасып, Тунистегі W15 ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сағындықова мен Головина жартылай финалда нидерландтық Маделеф Хагеман мен румыниялық Андрея Пришакариуді жеңді.
Матч 6:0, 7:6 есебімен аяқталды.
Финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или