«Барыс» хоккей клубы тағы да жеңілді

«Барыс» хоккей клубы тағы да жеңілді

«Барыс» өз мұз айдынында «Автомобилистен» жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz

Ғалым Мәмбеталиев командасының сәтсіз сериясы жалғасты. Осымен астаналық ұжым қатарынан сегізінші матчта жеңіліс тапты. 

Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталғанымен, буллит сериясында Екатеринбург командасы сәтті өнер көрсетті.

Қазіргі уақытта қазақстандық команданың қоржынында 45 матчтан кейін 24 ұпай бар. Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде команда плей-офф аймағынан 15 ұпайға қалып, 11-орында тұр.

Айта кетейік, елордалық ұжым келесі матчын 9 қаңтар күні «Ладаға» қарсы өткізеді.

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или