Футзалдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» - «Семей» матчы сенсациямен аяқталды

Футзалдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» - «Семей» матчы сенсациямен аяқталды

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 9-туры аясында екінші матчтар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақтөбе» және «Семей» командалары арасында кездесу өтіп, матч сенсациямен аяқталды.

Екінші орында келе жатқан «Семей» командасы турнир кестесінде соңынан санағанда үшінші орында тұрған командаға есе жіберді. Кеше командалар 2:2 есебімен тең түскен еді, бүгін ақтөбелік команда жанкүйерлерін көптен күткен жеңіспен қуантты.

«Ақтөбе» ойыншылары өздерінің қарқынды ойынын матчтың бірінші минутынан-ақ көрсетті, Асхат Көлбаев қонақтардың қақпасына дәл соққы жасады. Қақпашы допты тоқатата алмады.

Ал ойыннның оныншы минутында Нұрбек Қарағұлов семейліктердің қақпасына екінші голды соқты. 

Осылайша, кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или