Коул Палмер «Челсиде» гол соғу бойынша рекорд жаңартты
Жартылай қорғаушы Коул Палмер күнтізбелік жылдағы гол соғу бойынша «Челсидің» рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Англия чемпионатының 18-ші турындағы «Фулхэмге» қарсы ойында (1:2) Палмер гол соқты, бұл оның 2024 жылғы 26-шы голы.
Бұған дейінгі рекорд 2001 жылы 25 гол соққан Джимми Флойд Хассельбейнкке тиесілі.
«Челси» 35 ұпаймен Премьер-лиганың турнирлік кестесінде екінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или