«Аяттың» бас бапкері ұлттық құрама сапына қосылды

«Аяттың» бас бапкері ұлттық құрама сапына қосылды

Рудныйлық «Аяттың» бас бапкері Василий Смолин футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аяттың» бас бапкері Василий Смолин Қазақстан құрамасына шақырылды.

Василий Алексеевич ұлттық құрамада бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істейтін болады.

Ұлттық құрама сапында сәтті өнер көрсетуге тілектеспіз!», – деп жазды клуб Instagram парақшасында.

Смолин 2013 жылдан 2020 жылға дейін «Аятта» клубында ойнады. 2018/19 маусымында клуб Василиймен бірге чемпионаттың күміс жүлдегері атанды, ал 2019/20 маусымында Чемпиондар лигасында Қазақстан атынан өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или