Какау: «Бүгінгі таңда футзалда нақты фавориттер жоқ»

Какау: «Бүгінгі таңда футзалда нақты фавориттер жоқ»

Футзалдан Қазақстан құрамасы 10 желтоқсанда әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. Осыған орай, құрама бас бапкері, капитаны және Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Лев Кимнің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті.

– Қазақстан құрамасы казіргі таңда алдына қойған мақсаттың барлығын орындайтын жағдайға жетті. Бұған басты дәлел, Еуропа чемпионатынының финалдық кезеңіне шығу. Біздің құрама үшін биылғы жыл өте қиын болды. Өздеріңіз білесіздер, Еуропа чемпионатына ғана емес, сонымен қатар әлем біріншілігінің жолдамасы үшін таласуда. Қарсыластарымыз: Чехия, Франция және Чехия құрамалары.Асыра айтқанымыз емес, Қазақстан құрамасы қазір фавориттер қатарында, - деді Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Лев Ким.

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхаммед Сүлейменов:

– Біз, бұйыртса, фаворит ретінде барамыз және соны дәлелдеуге тырысамыз. Чехия құрамасы да қарымды қарсылас. Олар тұрақты түрде Әлем және Еуропа чемпионатына қатысып тұрады.

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау да Сүлейменовтің сөзін растады:

– Бүгінгі таңда футзалда нақты фаворит жоқ. Себебі, бұл спорты түрі жақсы дамыған. Кім қателіктерінен сабақ алып, соны жоюға талпынса, кім тыңғылықты дайындалса және сәттілік кімге жолдас болса сол жеңіске жетеді.

Чехия құрамасы - мықты қарсылас. Олар өз алаңында, жанкүйерлерінің алдында өнер көрсетеді. Олардың қаншалықты мықты ұжым екендігін жақсы білемін, себебі Чехияда төрт жыл жұмыс істегенім бар. Словения құрамасы жылдам дамып келе жатқан құрама. Франция командасы да оңай шағылар жаңғақ емес.

– Игитаның қосылу үлгісі құрамада болады ма?

– Бұл сұрақтың қойыларын біліп едім. Бір жеңіліс үшін, бұл ойын үлгісін өзгерте алмаймыз. Жеңіліске тек қана Игита емес, барлық ойыншылар және мен де кінәлімін. Ендігіде, тек абай боламыз. Бір қатені екі рет жасауға болмайды. Бірақ бұл біздің пісіп-жетілдірген ойын үлгіміз.

– Негізгі құрам ойыншысы Лео жарақат алып қалған болатын. Алдағы ойындарға қатыса алады ма?

– Лео ауыр жарақат алды. Алайда жарақатынан айығып үлгереді деп ойлаймын. Ол негізгі құрамның ойыншысы, біз үшін маңызды футзалшы. Сол себепті тез арада аяғына тұрғызуға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или