Қазақстандық теннисші БАӘ-де өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты
Дубайда өтіп жатқан ITF W100 турнирінің жұптық сынында қазақстандық Жібек Құламбаева Үндістан теннисшісі Анкита Раинамен бірне өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда Жібек пен Анкита Арианна Хартоно (Нидерланды) - Пратхана Тхомбаре (Үндістан) жұбын 6:3, 5:7, 10:7 есебімен ұтты.
Ширек финалда қазақстандық-үндістандық жұп британиялық Джоди Беррейдж және Фрейя Кристи дуэтімен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или