Геннадий Головкин киберспорт Олимпиадасын өткізу мәселелерін талқылады

Геннадий Головкин киберспорт Олимпиадасын өткізу мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Португалиядағы Кашкайш қаласында өткен Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ҰОКҚ) 27-ші Бас ассамблеясына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Париж-2024 жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің қорытынды есептері жария болды. 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындары мен 2026 жылы Сенегалда өтетін жасөспірімдердің жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары өз таныстырылымдарын жасады.

Ассамблея барысында Қазақстанның ҰОК президенті басқа да Ұлттық Олимпиадалық комитеттері және спорттық ұйымдар өкілдерімен бірнеше маңызды кездесулер өткізді.

Геннадий Головкин Иордания ҰОК-нің басшысы, Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы комитет мүшесі ханзада Фейсал Аль Хусейнмен, сондай-ақ Франция ҰОК, UCI президенті және ХОК мүшесі Давид Лаппартьенмен өзекті мәселелерді талқылады. Айта кетейік, екі функционер де ХОК президенті лауазымына кандидаттар тізіміне кіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или