Қазақстанның 7 боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстанның 7 боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстанның жастар құрамасының жеті өкілі Черногорияның Будва қаласында өтетін әлем чемпионатында алтын жүлдеге таласады, деп хабарлайды  Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Елянур Турганова (50 кг), Ұлдана Таубай (66 кг) және Аружан Зейноллаева (81 кг) финалға өтті.

Ал, Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг), Аслан Елдібайұлы (92 кг жоғары) Әнел Абдрасилова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Панар Сейітханқызы (81 кг жоғары) чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Пуэбло қаласында World Boxing федерациясы аясында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы финалға шыққан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или