Қазақстан құрамасы толық құраммен жаттығу жасады

Қазақстан құрамасы толық құраммен жаттығу жасады

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы Аустрияға қарсы дайындығын өткізіп жатыр.

Аустрия жерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына барлық футболшы келіп қосылды. Команда алғаш рет толық құраммен жаттықты.

Айта кетейік, 10-қазанда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен шеберлік байқасады. Одан кейін үш күн өткен соң Алматыда Словениямен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или