Ғани Қайназаров: Біз әйелдер футболына көңіл бөліп, дамитынына сенеміз.

Ғани Қайназаров: Біз әйелдер футболына көңіл бөліп, дамитынына сенеміз.

Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров Қазақстан әйелдер чемпионатының маусымы аяқталғаны жайлы пікірін айтып, қыздар футболының болашағына сенетінін жеткізді.

«Біз әйелдер футболына көңіл бөліп, дамитынына сенеміз. Осы жылдың мамыр айында QFL Әйелдер кубогы сәтті ұйымдастырылып, ал 4 қазанда алғаш рет QFL Әйелдер лигасы форматындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Сонымен қатар барлық матчтар отандық телеарналарда тікелей эфирден көрсетілді.

Турнирлерге 5 команда қатысты және келесі жылы тағы да қатысушылардың саны өседі деп күтілуде. ҚР футбол клубтарын лицензиялаудың ережелеріндегі өзгерістерге сәйкес, келесі жылдан бастап Премьер-лигадағы әр қатысушының әйелдер командасы болуға тиіс.

Біздің футбол клубтарымыз бәсекелестікті арттырып, еліміздегі әйелдер футболының дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз. Ал, отандық әйелдер клубтарына еурокубок турнирлерінде сәттілік тілеймін!», - деді Ғани Қайназаров.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или