Қазақстан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен кездеседі

Қазақстан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен кездеседі

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Қазақстан Португалиямен ойнайды.

2024 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы қарсыласымыз анықталды. Плей-офф кезеңінде Әлем және Еуропа чемпионы – Португалия құрамасымен кездесеміз.

Португалия Е тобында бірінші орын алды. Матч 26 қыркүйек күні Әндіжан әмбебап спорт кешенінде өтеді. Басталу уақыты – 20:00.

Соңғы рет өткен әлем чемпионатында Португалия чемпион болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или