«Барыс» ҚХЛ-да «Витязьден» жеңілді
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында қазақстандық команда өте сәтсіз ойнады. Ресейлік клубтан Иван Чехович 3-минутта есеп ашса, Әділ Бекетаев 18-минутта таразы басын теңестірді.
Одан кейін ресейлік клубтан Егор Воронков 18, Иван Воробьёв 32, Дерек Барак 36-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Бұл — елордалық клубтың жаңа маусымдағы алтыншы жеңілісі.
Витязь (Балашиха) - Барыс (Астана) 4:1 (2:1, 2:0, 0:0)
1:0 - Чехович (Бусыгин, Рой) - 03:32 ГБ
1:1 - Бекетаев (Панюков, Омирбеков) - 19:08
2:1 - Воронков (Морозов, Рой) - 19:59
3:1 - Воробьев (Савчик, Дарьин) - 32:09 ГБ
4:1 - Барак (Рой, Бучельников) - 36:56 ГБ