Футзалдан әлем чемпионатында Бразилия екі ойында 18 гол соқты
17 қыркүйекте Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында екінші турдың алғашқы ойын күні мәресіне жетті.
В тобында сынға түсіп жатқан бразилиялық футзалшылар бұл күні тағы да ірі жеңіске жетті.
Қазірге дейін бес дүркін әлем чемпионы атағын жеңіп алған құрама биыл сол жетістігін қайталауға тырысады. Олар бұл жолы Хорватияны 8:1 есебімен сүріндірді. Аталған құрама бұған дейін Кубаны 10:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Осылайша олар екі ойында 18 гол соғып, жоғары нәтиже көрсетіп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или