Футзалдан әлем чемпионаты алдындағы Қазақстан-Аргентина кездесуі кейінге шегерілді
Futsalkazakhstan Instagram желісінде Қазақстан мен Аргентина арасындағы жолдастық кездесу кейінге шегерілгені жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«futsalkazakhstan-ға белгілі болғандай, Қазақстан мен Аргентина құрамалары арасындағы жолдастық кездесу қыркүйектің жетіншіден сегізіншісіне шегерілді және Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді. ҚФФ бұған дейін матч «Алматы Аренада» өтеді деп жариялаған болатын», - деп хабарлады ресурс.
Айта кетейік, әлем чемпионаты Өзбекстанда 14 қыркүйекте басталып, 6 қазанда аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или