«Железарец» «Астана-Тұлпарды» ұтты

«Астана-Тұлпар» футзал клубы УЕФА кубогы Элиталық кезеңнің екінші матчында «Железарецтен» айласын асыра алмады.

Македониялық клуб матчтың небәрі бірінші минутында есеп ашты. Гол соққан - Даниэл. Араға алты минут салып «Тұлпар» ойыншысы Арнольд Кнауб байқаусыздан өз қақпасына гол соғып жіберді. Бірден қазақстандық команда Болиньяның арқасында бір доп қайтара алды. Үзілістен кейін «Тұлпар» есепті теңестірді. Болинья матчтағы екінші голын соқты. Көп ұзамай Бауыржан Құқымбаев өз командасын есепте алға шығарды. Бірақ қонақтар Глигоровтың көмегімен есепті тең қылды. Кейін «Тұлпардың» ойыншысы Рожер өз командасын есепте қайта алға шығарды. Бірақ өкінішке қарай матчтың аяқталуына бес минут қалғанда «Железарец» үш гол соғып, кездесуді өз пайдасына шешті.

УЕФА кубогы. Элиталық кезең. Екінші тур.

«Астана-Тұлпар» - «Железарец» 4:6 (1:2)

Голдар: Даниэл 1, Кнауб 7 (автогол), Болинья 8, Болинья 22, Құқымбаев 26, Глигоров 28, Рожер 31, Глигоров 35, Мицевски 37, Леовски 38

«Астана-Тұлпар»: Игор, Гребонос, Рожер, Кнауб, Болинья, Перемышлин, Мун, Мадияров, Лазич, Пенгрин, Құқымбаев, Довгань, Таку

«Железарец»: Петровски, Леовски, Даниэл, Левески, Глигоров, Удовалиев, Агуши, Исмаили, Ранготов, Мицевски, Тодоровски, Крстевски

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или