«Астана-Тұлпар» УЕФА кубогындағы бірінші матчын тең аяқтады

Футзалдан УЕФА кубогының Элиталық кезеңіндегі бірінші матчында «Астана-Тұлпар» клубы бельгиялық «Халле-Гооикпен» тең тарқасты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Италияның Пескара қаласында өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. «Астана-Тұлпар» сапында Гребонос пен Лазич көзге түссе, бельгиялық команда сапында Раху мен Дюжакье соңғы минуттарда есепті теңестіріп жіберді. Осылайша, қазақстандық ұжым жеңісті нәтижені сақтай алмайды.

В тобының екінші матчында жарыс қожайындары «Пескара» 2:0 есебімен македониялық «Железарецті» ұтты.

УЕФА кубогы. Элиталық кезең. Бірінші тур.

«Астана-Тұлпар» - «Халле-Гооик» 2:2 (2:0)

Голдар: Гребонос 11, Лазич 12, Раху 37, Дюжакье 39

«Тұлпар»: Перемышлин, Гребонос, Кнауб, Болинья, Алекс, Игор, Мун, Мадияров, Рожер, Лазич, Пенгрин,Таку, Довгань

«Халле-Гооик»: Мажерен, Дюжакье, Сабабти, Зуггаги, Шайбай, ван Акен, Лео, Манфрай, Тейшейра, Перейра, Раху, Труссар

Алаңнан қуылған: Алекс 39

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или