«Қайрат» УЕФА Кубогының Элиталық кезеңінде бақ сынайды

Дүйсенбі, 9-шы қараша күні, сағат 15:00-де «Қайрат» футзал клубының спорттық базасында УЕФА Кубогының Элиталық кезеңіне арналған баспасөз-мәслихаты өтеді., деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Аталмыш шараға Қазақстан футзал Қауымдастығының президенті Лев Ким және алматылық «Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков қатысады. Баспасөз-мәслихатының тақырыбы Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына және «Астана-Тұлпар» командасының УЕФА Кубогы додасына қатысуы болмақ. Өткен жылғы «Қайраттың» жетістігінен кейін ел бірінішілігінің күміс жүлдегері кәріқұрлықтың ең беделді додасына қатысу жолдамасына ие болды. Отандық командаларымыз УЕФА Кубогы жарысын бірден Элиталық кезеңнен бастайды.

Халықаралық турнир 10-ші қараша күні бастауын алмақ. Алғашқы кездесуде «Қайрат» Ресей чемпионы «Газпром-Югра» командасымен күш сынасады. Одан кейін, чехиялық «Эро-Пак» және венгриялық «Дьер» алматылық ұжымның қарсыласы болады.

Футзалдан УЕФА Кубогы (ағылшынның UEFA Futsal Cup сөзі) — жыл сайынғы Еуропанының ең үздік командасын анықтайтын дода. УЕФА туы астында, 2001/2002 маусымынан бері ұйымдастырылуда. Кейде футзалдың Чемпиондар Лигасы деп те аталады. Соңғы маусымда алматылық «Қайрат» испандық «Барселонаны» жеңіп, чемпион атанған болатын.

Қазіргі таңда «Қайрат» УЕФА Кубогына қатысатын командалардың ішінде ең жоғары ұпай жинаған. Алматылық ұжымның қоржынында 64 167 ұпай, ал ең жақын көрсеткіш (29 666 ұпай) испандық «МовистарИнтер» командасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или