Қазақстандық шабандоз Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық шабандоз Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Алматыда велоспорттан элиталық, кіші, жасөспірімдер және пара-спортшылар қатысып жатқан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшв Евгений Федоров жеке тайм сынағы бойынша жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.

Күміс жүлдені тағы бір қазақстандық велошабандоз Дмитрий Груздев жеңіп алды. Үшінші орын жапониялық спортшыға бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы 40 шақырымдық аралас эстафетада жеңіске жетіп, алтын алған болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или