OCTAGON 59 турнирінің тизері жарияланды. Видео
![OCTAGON 59 турнирінің тизері жарияланды. Видео](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201736_14082874c847f9d680d96e9e8d1484aa.webp?v=28667128)
OCTAGON лигасы 23 маусымда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін OCTAGON 59 турнирінің тизерін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Айта кетейік, 23 мауымда өтетін кештің басты жекпе-жегінде вакантты чемпиондық белбеуі үшін «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық файтер Сардор Худойбердиев (7-2) кездеседі.
Ал негізгі жекпе-жекте өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) қазақстандық Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.
OCTAGON 59 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink