Астанада алғаш рет сурдо-футзалдан әлем чемпионаты өтеді

Астанада алғаш рет сурдо-футзалдан әлем чемпионаты өтеді

Астанада 21 жасқа дейінгі есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында тұңғыш рет футзалдан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Чемпионаттың ашылуы 1 маусымда елордадағы «Жекпе-жек сарайы» спорт кешенінде өтеді.

Турнирге Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Әзірбайжан, Тәжікстан, Таиланд, Сауд Арабиясы және Өзбекстан құрамалары қатысады. Жарыс 10 маусымға дейін жалғасады.

Сурдо-футзалдан әлем чемпионаты жас спортшыларға халықаралық аренада өз шеберліктері мен бәсекеге қабілеттілік рухын көрсетудің бірегей мүмкіндігі болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или