Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады

Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады

26 мамыр күні Самарқанда футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сілтеме жасап.

Жеребе Қазақстан уақытымен 21:00–де басталады. Трансляцияны ФИФА ресми сайтынан көре аласыздар.

10-шы әлем чемпионатында 24 команда бақ сынайды. Турнир 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері аралығында Өзбекстанның үш қаласы Ташкент, Бұхара және Андижанда өтеді. 

ФИФА рейтингіне сәйкес 24 құрама 4 себетке бөлінді. Жеребе қорытындысы бойынша командалар 6 топқа бөлінеді. 

Футзалдан әлем чемпионатының барлық себеті:

1 себет: Өзбекстан, Бразилия, Португалия, Испания, Иран, Аргентина;

2 себет: Марокко, Қазақстан, Таиланд, Франция, Украина, Парагвай;

3 себет: Хорватия, Жаңа Зеландия, Венесуэла, Ауғанстан, Коста-Рика, Тәжікстан;

4 себет: Нидерланды, Гватемала, Панама, Ангола, Ливия, Куба.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или