Велоспорт

«Астана» көшбасшысы «Джиро д’Абруццо» корольдік кезеңіндегі жеңісі туралы пікір білдірді

«Астана» көшбасшысы «Джиро д’Абруццо» корольдік кезеңіндегі жеңісі туралы пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» көшбасшысы, қазақстандық шабандоз Алексей Луценко «Джиро д’Абруццо» көпкүндік веложарысының корольдік кезеңінде жеңіске жеткені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші кезеңдегі жеңіс Луценкоға жалпы есепте көш бастауға мүмкіндік берді.

«Соңғы көтерілу өте қиын болды, Адам (Йейтс) мені бірнеше рет лақтырып жібермек болды, бірақ мен әрқашан әрекет етіп, шабуыл жасай алдым. Соңғы екі шақырымда Диего (Улисси) бізге қосылғанда, мен жеңіске жету үшін 100% берілуім керек еді. Маусымның сәтсіз басталғаннан кейін бүгінгі жетістігіме өте қуаныштымын. Бұл өте қуанышты және маңызды жеңіс», - деді Алексей Луценко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер