FaZe Clan ұжымы IEM Chengdu 2024 турнирінің плей-офф кезеңіне шықты
![FaZe Clan ұжымы IEM Chengdu 2024 турнирінің плей-офф кезеңіне шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/201736_3ea40a5cae80957f51c110ee01ce9241.jpg?v=28700698)
Еуропалық FaZe Clan ұжымы Counter-Strike 2-ден IEM Chengdu 2024 турнирінің В тобында FlyQuest командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 2:0 есебімен (Ancient - 13:4, Nuke - 13:10) аяқталды. Финн karrigan Андерсеннің командасы турнирдің плей-офф кезеңіне шықты, онда Team Liquid командасымен кездеседі.
FlyQuest 7-8 орынға ие болып, жарыстан шықты. Кристофер Декстер Нонгтың ұжымы 6000 доллар сыйақы алды.
IEM Chengdu 2024 киберспорт турнирі 8-14 сәуір аралығында Қытайда өтеді. Чемпионатқа қатысушылар 250 мың долларды сарапқа салады.