русский язык
Футзал

Қазақстан жолдастық матчта Өзбекстаннан ұтылды

Қазақстан жолдастық матчта Өзбекстаннан ұтылды

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Таразда Өзбекстан құрамасымен екінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан Өзбекстаннан 5:6 есебімен сенсациялық түрде ұтылды. Қазақстан құрамасының сапында Арнольд Кнауб хет-трик авторы атанды (5, 20 және 40 минуттар), Рашит Джахангир (2) және Эдсон (38) де гол соқты. Бірінші таймда өзбектер 4-ші және 10-шы минуттарда, екінші таймда 25, 29, 35 және 40-шы минуттарда гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы алғашқы жолдастық кездесу 7 сәуірде өтіп, тең есеппен аяқталды - 2:2. Ол ойында Арнольд Кнауб пен Шыңғыс Есенаманов Қазақстан сапынан гол соқты.

Алдағы әлем чемпионатына келетін болсақ, турнир 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;