ГЛАВНАЯ
Киберспорт
Elite League: Tundra Esports ұжымы топтық кезеңде Aurora Gaming командасын жеңе алмады
Elite League: Tundra Esports ұжымы топтық кезеңде Aurora Gaming командасын жеңе алмады
Таиландтық Aurora Gaming командасы Dota 2-ден Elite League В тобының бесінші турында Tundra Esports халықаралық ұжымымен ұпай бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар тең түсіп, бір ұпайдан иеленді. Чемпионаттың бес турынан кейін Tundra Esports-та да, Aurora Gaming-те де 6 ұпайдан бар.
Келесі матчта Tundra командасы Team Liquid ұжымымен кездеседі. Командалар арасындағы ойын 8 сәуірде Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Elite League киберспорт турнирі 31 наурыз бен 14 сәуір аралығында өтіп жатыр. Қатысушылар 960 мың АҚШ долларды сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или