Арнольд Кнауб Қазақстан құрамасы сапындағы 70-кездесуін өткізді

Қырғызстан құрамасына қарсы жолдастық кездесуде (3:2) Арнольд Кнауб Қазақстан құрамасы сапындағы 70-кездесуін өткізді.
Қарағанды футзалының түлегі Арнольд Кнауб құрама жейдесін алғаш рет 2016 жылғы 22 қаңтарда киген. Ол кезде Қазақстан Өзбекстан құрамасын (3:1) жеңді.
Ол құрама сапындағы 70 ойында 18 гол соққан.
Кнауб 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалисті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или