Велоспорт

«Астана» шабандозы Бельгияда өткен веложарыста ауыр жарақат алды

«Астана» шабандозы Бельгияда өткен веложарыста ауыр жарақат алды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велошабандозы Микеле Газзоли Бельгияда өткен «Дварс дор Фландерен» веложарысы кезінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz. сайты команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Микеле Газзоли қорқынышты апатқа ұшырады. Рентгенограммада үш қабырғаның сынуы анықталды. Микеле қазір қонақүйге оралды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жарыстың жеңімпазы «Team Visma | Lease a Bike» командасының 24 жастағы америкалық велошабандозы Маттео Йоргенсон атанды.
Екінші нәтижені «Uno-X Mobility» командасының норвегиялық шабандозы Йонас Абрахамсен көрсетті.
Үздік үштікті «Groupama - FDJ» командасының швейцариялық велошабандозы Штефан Кюнг түйіндеді.

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені 41-болып келген Кес Бол көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер