Team Spirit ұжымы PGL Major Copenhagen 2024 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді
Ресейлік Team Spirit командасы Counter-Strike 2-ден PGL Major Copenhagen 2024 әлем чемпионатының Elimination Stage айналымда бразилиялық Imperial Esports командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Mirage картасындағы кездесу 13:2 есебімен аяқталды. Келесі матчта Леонид chopper Вишняковтың командасы ивенттің финалдық кезеңінде слотты сарапқа салады. Қарсыласы Natus Vincere халықаралық командасы болады.
Counter-Strike 2-ден PGL Major Copenhagen 2024 турнирі 17-31 наурыз аралығында Копенгагенде (Дания) өтіп жатыр. 24 қатысушы жалпы жүлде қоры 1,25 миллион долларды сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или