Қайрат Оразбеков: «Ең мықты командалар біздің топта жиналған»

Қайрат Оразбеков: «Ең мықты командалар біздің топта жиналған»

«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков footballreview.ru сайтына берген сұхбатында УЕФА кубогының жеребесі және Ресей чемпионына қарсы матч жайлы айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Әрине, жеребенің қорытындысына көңіліміз аса толмады. Ресейдің чемпионымен Төрттік финалда ойнағымыз келген. Финалда «Газпром-Юграға» қарсы кездесуіміз барша футзал жанкүйерлеріне тосын сый болар еді. Әйтсе де УЕФА кубогының иегері әр командамен ойнауға дайын. Тобымызға мықты командалар түскені біз үшін жақсы. Өзіміздің мықтылығымызды дәлелдеуіміз қажет. Элиталық кезеңде осал командалар жоқ.

- Топтағы қалған командалар жайлы пікіріңіз қандай?

- «Эра-Пак» - жақсы команда. УЕФА кубогында жиі ойнайтын ұжым. Кезінде чехиялық команданы Какау баптағанын ұмытпауымыз керек. Чехиялықтар оның стилімен әлі де ойнауда. Жарыстың қожайыны «Дьер» командасы жайлы айтатын болсақ, жанкүйерлерді қолдауы оларға көмек болатыны анық. Венгриялық команда өз алаңында жанкүйерлерін қуанту үшін бар күштерін салады. Демек, тобымызда әр ойын өте тартысты болмақ.

- Элиталық кезеңнің басқа топтары жайлы не айта аласыз?

- Менің ойымша, ең мықты командалар біздің топта жиналған. Кейбір топтарда фавориттер белгілі, не дегенмен Элиталық кезеңде осал командалар жоқ. Әр топта күрес соңына дейін жүреді деген ойдамын.

- Бұған дейін «Қайрат» УЕФА кубогына Еременко кубогындағы ойындары арқылы дайындалатын...

- Әрине, УЕФА кубогына дайындалу - үлкен мәселе. Бұрынғыдай мықты командалармен жиі жолдастық кездесулер өткіземіз. Сондай-ақ, ел чемпионатымыз бар. Біздің команда жаттығу үдерісін қалпына келтіріп қойған. Біздің дайындығымыз УЕФА кубогына қатысатын басқа командалардан еш кем емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или