Блогбастер
Әлем футболы

Drake және Pitbull: Лионель Месси матч алдында тыңдайтын плейлистін жариялады

Drake және Pitbull: Лионель Месси матч алдында тыңдайтын плейлистін жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Аргентиналық футболшы Лионель Месси матч алдында тыңдайтын әндердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Мессидің музыкалық плейлисті 60 әннен тұрады. Оның ішінде аргентиналық кумбия, поп-музыка, r'n'b және рок жанрындағы композициялар бар. Футболшының айтуынша, музыка оған ақыл-ойды тыныштандыруға және өзін-өзі ұстауға көмектеседі. "Музыка менің өмірімде, әсіресе, матч күндері маңызды рөл атқарады", – деді Месси Apple Music-ке берген сұхбатында.

Лионель Месси өткен жылы маусым айында америкалық "Интер Майами" футбол клубына ауысқан еді. Аргентиналық футболшының бұл командамен келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, Мессидің трансферлік нарықтағы құны – 35 миллион еуро. Еске салайық, "Барселона" футбол клубының ойыншысы Роберт Левандовский Лионель Мессидің рекордын жаңартқанын жазғанбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер